Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жиналысы "Күйзелістен шығар жол" деген тақырыпта он бірінші сынып ата-аналары арасында өтті. Ата-аналарға өз балаларының ҰБТ тапсыруымен,оған дайындық барысында күйзелістен оңай өту мен қолдау,сенімділік таныту барысындағы амал әрекеттер жайлы кеңестер айтылып,сонымен қатар өз қалауымен мамандықты дұрыс таңдау жолдарында қандай қолдау көрсету керек екендігі жайлы анық айтылды.