29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланады
Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанда ұлттық аза тұту жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
«Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтадағы апат салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялансын», - делінген құжатта.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні сағат 2.33-те Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған. Қазіргі уақытта 33 адам қайтыс болғаны белгілі. 13-і әлі табылған жоқ, 20 адам ауруханада жатыр