7 маусымда "Гусаковка орта мектебі" КММ-де 9 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен "кәсіпкерлік және бизнес негіздері"атты жаңа элективті пәндердің тұсаукесері өтті. Жаңа пән ҚР жалпы білім беретін мектептерінің 10 сыныптарына 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ресми түрде енгізіледі.